Өңірлер

Алматыда қарды жинау үшін 24 техника сатып алынды

Алматыда қыс мезгілінде қарды жинау үшін 24 техника сатып алынды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен өткен қала коммуналдық қызметінің қысқы маусымға дайындығы туралы жиында белгілі болды.
Алматы қаласы29 Қазан , 17:59

Мегаполис басшысы атап өткендей,  қалаға қосылған аумақтарды ескере отырып, қысқы маусымға қажетті қаражат бөлінді.

«Өздеріңіз білесіздер, биыл қалаға 23,2 мың. га жер қосылды, енді бұрынғыға қосымша 2,4 млн. м2. жол тазартылатын болады. Бұл аумақ қыратты, көшелері мен жолдары тар. Мұндай жерлерде қаладағыдай техника қолданылмайды. Сондықтан біз «Алматы тазалық» МҚК үшін жаңа 24 техника бірлігін сатып алдық», - деді Ахметжан Есімов.

Бұдан басқа, әкім жиын барысында жүргінші тротуарларын, аула іштерін қардан тазарту мәселесін де қозғады.

«ПИК-тер жауапты аула іштерін қардан тазарту жұмыстары өткен жылы дұрысталған болатын, дегенмен атқарылар істер жетерлік. Аудан әкімдері бұл істі үнемі бақылауда ұстағандары жөн, өз міндеттеріне немқұрайды қараған ПИК-терге әкімшілік шара қолдану қажет», - деді Ахметжан Есімов.




Яндекс.Метрика