Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2020 жылға қарай елдің барлық ірі әуежайлары жаңартылады – Қасымбек

2020 жылға қарай елдің барлық ірі әуежайлары ИКАО халықаралық ұйымы стандарттарына сай жаңартылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек.
Астана қаласы29 Қазан , 15:18

«Биыл Талдықорған әуежайының ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын қалпына келтіру жұмыстарының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті. Келер апта ортасына қарай Орал қаласына қарай әуе қатынасы қайта жүре бастайды деп үміттенеміз. Енді Петропавл қаласының әуежайын жөндеу жұмыстары бойынша жобалау құжаттарын дайындап жатырмыз. Келер жылы Петропавл қаласы әуежайының ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстарын бастап кетпекпіз. Одан кейін 2020 жылға дейін Қостанай, Өскемен, Семей қалаларнда да осынау жұмыстар қолға алынбақ. Жалпы, 2020 жылға дейін елдің барлық ірі әуежайлары ИКАО халықаралық ұйымы стандарттарына сай жаңартылады», - дейді Ж. Қасымбек.

Сонымен қатар бірінші вице-министр су көлігі инфрақұрылымын дамыту туралы да айта кетті.

«Ақтау қаласындағы сауда портын солтүстік бағытта кеңейту жұмыстары жалғасуда. 3 құрлықтық жүк терминалы құрылысы арқылы оның қуаттылығы арта түспек. Нәтижесінде порттың өткізу мүмкіндігі 2,5 млн тоннаға дейін артады. Құрлық портына 3 млн тонналық қуаттылыққа ие паром кешенін салу жоспарланған.  Осы мақсатта ҚТЖ Боржақты-Ерсай жолы құрылысы басталады», - дейді Ж. Қасымбек.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика