Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2020 жылға дейін Қазақстанда 75 жаңа халықаралық әуе қатынасы ашылады – ҚР ИДМ

2020 жылға дейін Қазақстанда 75 жаңа халықаралық әуе қатынасы ашылады, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР ИДМ бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Астана қаласы 29 Қазан, 15:03

«2020 жылға қарай батыста өндірілген 61 әуе кемесін сатып алу жоспарлануда. «Эйр Астана» компаниясы ұшақтарының орташа жасы 6 жыл. Ал «Скат» ұшақтарының шығарылғанына 15 жыл болған. Жаңа ұшақтардың әкелінуімен қазақстандық әуе компанияларының қатынау мүмкіндіктері арта түспек. Тиісті бағдарламаға сай, 2020 жылға дейін Қазақстанда 75 жаңа халықаралық әуе қатынасы ашылады. Осылайша жалпы ұшақтар саны 128-ге жетеді», - дейді бірінші вице-министр.

Ж.Қасымбектің айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанға 8 әуе кемесі әкелінді. Соның ішінде 5-і «Эйр Астана», 2-і «Бек Эйр» біреуі «Скат» әуе компаниясына тиесілі. Сонымен қатар 2015 жылы Петропавл қаласындағы әуежайды жөндеу жұмыстары басталмақ. Жалпы 2020 жылға дейін министрлік Қостанай, Өскемен, Семей мен Петропавл қалаларындағы ұшу-қонужолақтарын қалпына келтірмек.

«Қазіргі таңда Орал қаласындағы әуежайдық ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды. Келер апта ортасында осы бағыттағы алғашқы әуе рейстері жасалынбақ», - дейді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика