Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда 2020 жылға қарай теміржол көлігінің ескіруі 40%-ға дейін төмендейді (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

Қазақстанда 2020 жылға қарай теміржол көлігінің ескіруін 40%-ға дейін төмендету жоспарлануда, деп ОКҚ өткен брифингте бірінші инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Астана қаласы 29 Қазан, 14:48

«Тағы бір маңызды міндеттердің бірі мемлекеттік бағарламада көрсетілген, ол тозығы жеткен теміржолкөліктерін жаңасына алмастыру. Өздеріңіз білетіндей, ескірген көлік 90 жылдардан бастап жиналды. Біз 2020 жылға қарай теміржол көлігінің ескіруін 40%-ға дейін төмендетуді жоспарлаудамыз. Бұл ретте жаңа машинақұрылысы саласы өз септігін тигізетін болады», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, Ж. Қасымбек еске салып өткендей, Қазақстандағы әлемнің жетікші өндірушілері   Alstom, GE, Taglo Астана маңында үлкен зауыт салып сапалы техникамен қамтамасыз етіп қана қоймай,  екі қолға бір күрек іздегендерді жұмысқа орналастырды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика