Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

2020 жылға дейін Қазақстанда шамамен 30 мың км жол жөнделеді – ИДМ

Қазақстанда 2020 жылға дейін шамамен 30 мың км жолды жөндеу жоспарлануда, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек.
Астана қаласы29 Қазан , 14:32

«2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы аясында шамамен 30 мың км жолды жөндеу жоспарлануда. Осынау көрсеткішке қол жеткізу үшін бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылмақ. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы ақталуға жақын. Жалпы ұзындығы 8000 км болатын халықаралық дәліздің 2800 шақырымы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Жобаның қолға алынғанынан бері 1 727 км жол қалпына келтірілді. Биылғы жылдың соңына дейін тағы 157 км жөнделмек. Біз Шымкенттен Ресей Федерациясына дейінгі қозғалысты ашуды жоспарлап отырмыз», - дейді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен өткен жылы Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс атты үш бағыттағы жобалар жүзеге асырыла бастады. Аталмыш дәліз ел аумағы арқылы өтетін барлық халықаралық бағыттардың бойына қан жүгіртпек. Нәтижесінде 2020 жылға қарай автокөлік тасымалы арқылы жүзеге асырылатын жүк тасымалы 1,5 есеге артпақ.

«Ең ірі жобалар қатарында Үлкен Алматы айналма жолы да бар. Оның ұзындығы 65,5 шақырым. Қазіргі таңда жобаның техникалық құжаттамасы толықтай аяқталған. Бүгінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының мақұлдауын алып жатыр», - дейді Ж. Қасымбек.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика