Өңірлер

2015-2016 жылдары Қазақстанда 50 электронды салмақ өлшеу аркасы орнатылады – Қасымбек

2015-2016 жылдары Қазақстанда 50 электронды салмақ өлшеу аркасы орнатылады. Бұл туралы бүгін Ораталық коммуникациялар қызметінде инвестиция және даму вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қазан , 13:49

Вице-министрдің айтуынша, 2014 жылы электронды салмақ өлшеу бойынша 13 автоматтандырылған аркасы пайдалануға берілді. Ондағы мақсат республикалық жолдарда автокөлік құралдарын бақылаудың ашықтығын қамтамасыз ету. Олар қозғалыс жылдамдығы барысындағы габаритті анықтау жүргізетін көліктерді автоматтандырылған салмақ өлшеу жұмыстарын жүргізеді. 2015-2016 жылдары Қазақстанда 50 электронды салмақ өлшеу аркасы орнатылады.

«Соңғы жарты жылда осы аркаларды жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. Нәтижесінде Қазақстан бойынша 48 арка орнатылып, біз көлік бақылаудың стационарды пунктерінен біржола арыламыз. Осы орайда автоматтандырылған аркалар мәліметтерді дереу тиісті органдарға жеткізуге мүмкіндік береді. Аталмыш бағыттар бойынша 2015-2016 жылдары жұмыстар қарқынды жүргізілмек», - дейді вице-министр.

Ж.Қасымбектің айтуынша, қысқы мерзімге байланысты техникалық ауыртпалықтардың кесірінен тоқтатылды.

Сонымен қатар инвестиция және даму бірінші вице-министрінің айтуынша, мұндай аркалардың орнатылуы көлік бақылауы саласындағы жемқорлықтың алдын алады.
«Жоба орындалды. Тұрақты стационарлы посттар кезіндегіге қарағанда жиналған айыппұл көлемі 1,3 млрд теңгеден асты. Сонымен қатар басты міндеттемелердің бірі көлік бақылауы саласындағы жемқорлықты тоқтату болып табылады», - дейді Ж.Қасымбек.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика