Инфрақұрылымның дамуы

Алматы мен Өскемен арасын жалғайтын жаңа жүрдек пойыз іске қосылды

Бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №69/70«Алматы-2 – Защита» (Өскемен қаласы) бағытында жаңа жүрдек пойызын іске қосты, деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан29 Қазан , 15:34

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның 2-еуі  «Гранд», 2-еуі «Бизнес», 14-і «Турист» санатындағы вагондар болса, 1 вагон-мейрамхана, 1 вагон-бар және 3 техникалық вагон бар. Отандық «Тұлпар-Тальго» зауытында шығарылған вагондардан құралған құрам күнара қатынайтын болады.

«Жол жүру бағытындағы аялдамалар келесідей: Сары-Өзек, Үштөбе, Матай, Ақтоғай, Аягөз, Шар.  Өскемен қаласына дейінгі  жол жүру  уақыты – 17 сағат 45 минутты құраса, кері  бағытта – 17 сағат 08 мнутты құрайды», - делінген  хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 жылдың 1 қазанынан «Жолаушылар тасымалы»АҚ үстіміздегі  жылғы 14 қарашадан бастап жолға аттанатын «Тұлпар-Тальго» пойыздарында жол жүруге жеңілдіктер енгізуде. Жолаушы билетті ерте  сатып алған жағдайда 35 пайыз жеңілдікке ие болады. Пойыздың жүрер уақыты жақындаған сайын және сұранысқа байланысты билет құны өзгеретіндігін айтып өту керек.




Яндекс.Метрика