Инфрақұрылымның дамуы

Қазақстанда республикалық жол учаскілерінің 30% ақылы негізге ауыстырылады – Қасымбек

Қазақстанда республикалық жол учаскілерінің 30% ақылы негізге ауыстырылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
Астана қаласы29 Қазан , 12:56

«Бірінші және екінші санаттағы автожолдарды күту қаржысының тапшылығын қысқарту үшін республикалық дәрежедегі жолдардың бірқатарын ақылы негізге ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Болашақта 30% республикалық жол учаскісін ақылы негізге ауыстыруды көздеудеміз. Олар: Астана-Теміртау, Астана-Павлодар, Алматы-Қапшағай сынды тас жолдары, олардың бойында трафик өте жоғары және олар өзін-өзі ақтайды», - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Астана-Шучинск» тасжолындағы тығыздылық есебінен 1 млрд 200 млн теңгені жинап алуды көздеп отырмыз, ол өз кезегінде жолдың 100% көлемінде нормативке сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика