Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Чилидің тауар айналымы 2014 жылдың 8 айында 7 млн долларды құрады

Қазақстан мен Чилидің тауар айналымы 2014 жылдың 8 айында 7 млн долларды құрады. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Чилидің ҚР-дағы елшісі Хуан Эдуардо Эгигуренмен кездесу барысында мәлім етті.
Әлемде29 Қазан , 18:59

«Чили мен Латын Америка Қазақстанның сыртқы саясатын дамыту бағыттарының бірі», – деп атап өтті Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, қазақстандық-чилилік байланысты кеңейту және нығайту әлеуеті өте жоғары.

Бұдан басқа, тараптар ЕАЭО мен Тынық мұхыты альянсы мемлекеттерінің ынтымақтастығын талқылады. 




Яндекс.Метрика