Адами капитал

Ақмола облысында үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсететін 28 бөлім жұмыс істейді (ФОТО)

Ақмола облысында үйге келіп әлеуметтік қызмет көрсететін 28 бөлім жұмыс істейді, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 29 Қазан, 17:28

Бұл бөлімдерде шамамен 628 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, олар жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерден тұратын 3 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Өңірде 9 медициналық-әлеуметтік мекеме қызмет етеді. Онда әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер мен орта деңгейдегі медицина мамандарынан құралған 900 адам еңбек етеді.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетекшісі Шолпан Жақытованың айтуынша, медициналық-санитарлық мекемелерде 1200 адамға қызмет көрсетілуде.

Сонымен қатар 2011 жылы бекітіліп, қазан айының соңғы жексенбісінде аталып өтілетін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнінде Көкшетаудағы облыстық балалар медициналық-әлеуметтік мекемесі тәрбиеленушілері қолданбалы өнер бойынша өздерінің бұйымдарының көрмесін  өткізді.

«Бала кезінен мүгедек болып қалған Көкшетаудағы облыстық балалар медициналық-әлеуметтік мекемесі тәрбиеленушісі Ульяна Шавуляк ұстаздарына арнап «Қазақстан» патриоттық әнін шырқады», - делінген хабарламада.

Ұлты украин болғанымен Ульяна қазақ тіліне судай. «Бала кезімнен ән үйірмесіне барамын, ән салғанды жақсы көремін. Біздің ұстаздарымыздың қолдауы жоғары, кез келген бастаманы қуана қолдай кетеді. Мен Қазақстанда туылғаныма қуаныштымын. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше қолдау көрсетуде», - дейді Ульяна.





Яндекс.Метрика