Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қызылорда облысында 24 тірек ауылды кешенді дамыту жобасының жұмыстары қолға алынуда

Қызылорда облысында бүгінде 2014-2016 жылдарға арналған 24 тірек ауылды кешенді дамыту жобасы жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ауылдың 2-еуі анықталып, келесі жылға белгіленді, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қызылорда23 Қыркүйек , 14:54

«Қазіргі таңда тірек ауылдарды кешенді дамыту жобасы жұмыстары жүргізілуде.Биыл Арал ауданы Сексеуіл ауылы мен Жаңақорған ауданы Түгіскен ауылында нақтықандай индустриалды - инновациялық жобалар мемлекет пен жеке кәсіпкерліктер тарапынан қолға алынатыны анықтап, іске кірістік», - делінген хабарламада.

Сексеуіл ауылындабір ауысымда 30 адамға дейін қызмет көрсететін дәрігерлік амбулатория пункті құрылысы жоспарланып отыр. Одан басқа « Казахстан Темiр Жолы ҰК» АҚ да 64 тұрғын үй, 300 орындық мектеп, 280 орындық балабақша, спорт алаңы және 200 орындық вокзал құрылысын салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар бұл жерде «Бейнеу-Жезқазған» теміржолы құрылысы жобасы да жүзеге аспақ.

Хабарламада айтылғандай, қай ауылдарды қолға алу керектігі анықталу үстінде. Сол ауылдар анықталғаннан кейін ол жерге өндіріс орындары ашылып,сырттан инвесторлар тартып және де мемлекет тарапынан әлуметтік нысандар құрылысы қолға алынбақ. 2014-2016 жылдары 24 тірек ауылдар анықталатын болады. Келесі жылға жоспарланған 2 ауылға 2014 жылы тағы да 8 ауыл қосылмақ.

 

 




Яндекс.Метрика