Экономика

Қазақстанның Даму банкі коммерциялық банктерге жобаларды бірлесе қаржыландыруды ұсынады

Алматыда «Қазақстанның Даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен Қазқастанда жұмыс істейтін 22 коммерциялық банк менеджментімен кездесу өтіп, онда бірлесе қаржыландыру тұжырымдамасы таныстырылады, деп хабарлайды Даму банкі.
Алматы қаласы29 Қазан , 15:48

«Кездесу барысында Банк бірлесе қаржыландыру тұжырымдамасы мен жалпы құны 5 млрд АҚШ долларлық 25 әлеуетті жобалар портфелін таныстырырмақшы. Олардың көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп саласына тиесілі.

Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы аясындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру ҚДБ пен коммерциялық банктерге несиелік қауіптерді бөлуге, барынша сапалы сараптамамен қамтамасыз етуге және жобалардың орындалуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Банктің хабарлауынша, осынау ынтымақтастықтан қазақстандық экономиканың нақты секторының кәсіпорындары ұтатыны анық. Олар жаңа кәсіпорындар құру мен жұмыс істеп тұрған өндірістерін кеңейтуге қажетті қаржыландыруға өол жеткізбек. 




Яндекс.Метрика