Экономика

«ҚазТрансОйл» 2014 жылдың 9 айында таза пайданы 21%-ға ұлғайтты

«ҚазТрансОйл» 2014 жылдың 9 айында таза пайданы 21%-ға ұлғайтты, деп хабарлайды акционерлі қоғам 2014 жылдың 9 ай мерзімі бойынша алдын-ала қаржылық нәтижелерін жариялай отырып.
Казахстан29 Қазан , 16:31

«Аталмыш уақыт аралығындағы «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген табыс көлемі 132 млрд 546 млн теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Бұл 2013 жылдың дәл осы уақыт аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 5,3%-ға артық.  «ҚазТрансОйл» АҚ-ның түсірген таза пайда көлемі 50 млрд 104 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзім аралығындағы көрсеткіштерге қарағанда 21%-ға көп.

Айта кетерлігі, бұрын компания мұнай тасымалының 37 млн 310 мң тонна құрағанын хабарлаған еді. Бұл негізгі жоспардан 2 пайызға артық. Дегенмен 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 6 пайызға аз екені анықталды.  Мұнайдың жүк тасымалы шақырымына 26 млрд 857 млн тоннаны құрап, жоспардан 2 пайыз артық болғанымен, 2013 жылдың алғашқы 9 айымен салыстырғанда 4 пайыз аз көрсеткіш байқатып отыр, деп хабарлайды компания.




Яндекс.Метрика