Ұлтаралық бірлік

«Бірге өмір сүру» отбасылық фестивалі толеранттылық пен отбасылық құндылықтарды насихаттайды – ҚХА(ФОТО)

«Астана» ұлттық сурет галереясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоры» қоғамдық бірлестігі ҚР БҒМ жастар істері комитетімен бірлесіп достықты, толеранттылықты және отбасылық құндылықтарды насихаттайтын «Бірге өмір сүру» фестивалін өткізді.
Астана қаласы 29 Қазан, 13:32

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның Қазақстанның этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, зиялық қауым мен жастар қатысты.

«Шараның негізі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өздеріңізге белгілі болғандай, статиститка бойынша некесін тіркеген 100 отбасының 30 айырылысып кетеді. Ал, әр мемлекеттің негізі ол ынтымағы мен бірлігі жарасқан  отбасы. Сондықтанда тату тәтті отбасылардың көп болғаны абзал. Біз жаһандану дәуірінде, өзге мемлекеттің, ұлттың мәдениеті мен ділін алып келетін ашық ақпараттар кеңістігінде  өмір сүріп келеміз. Ал, өзінің ерекшелігі мен құндылығын отбасы бар адамдар ғана сақтай алады», - деп ағынан жарылды ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі  Назипа Шанай.

Айта кетерлік жайт, фестиваль шеңберінде 2014 жылдың 1  шілдесінде еліміздің барлық аймақтарында басталған отбасылық байқаудың республикалық шешуші кезеңі  өтті. Осы уақыт ішінде электронды түрде 20-дан астам отбасылық оқиғасын қағаз бетіне түсірген өтініш келіп түсті. Іріктеу нәтижесі бойынша 7 отбасы шешуші кеңезге өтіп, жеңімпаз атану үшін бар күшін салды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика