Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 5 мың адам жұмысқа тұрды

Ақмола облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылғалы бері 5,9 мың адам мемлекеттік қолдау алды. Бұл жалпы өтініш берген адамдардың 64,1%-ы, деп хабарлайды «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола29 Қазан , 12:38

«Қазіргі таңда еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны тұрақты 0,5 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Мүмкіндігі шектеулі 751 адам жұмысқа орналасса, бұл жалпы жоспардың 105 пайызын құрайды.  Жұмыссыздықты төмендету шараларының бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы. Жалпы, белсенді түрде жұмыс істеудің арқасында өзін өзі жұмыспен қамтушылар саны 1,6 адамға азайды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол картасын іске асыру мен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының заңды жалғасы болып табылады. Ол 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебінен жұмыспен қамту, кәсіпкерлік пен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын ашу және жұмыс берушілердің сұранысы аясында халықты қоныстандыру.




Яндекс.Метрика