Халықаралық интеграция

Исламдық қаржыландыру еуропалық бөліктегі әлемдік қаржыландыруды теңестіреді

Исламдық қаржыландыру еуропалық бөліктегі әлемдік қаржыландыруды теңестіреді, деп Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының этникааралық және конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығының жетекшісі, Ассамблеяның ғылыми-талдау кеңесінің төрағасы Айгүл Садуақасова ағынан жарылды.
Астана қаласы29 Қазан , 16:02

«Исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық марапат Қазақстан үшін маңызды. Себебі, заманауи экономикалық процестер белгілі бір трансфармациялаудан өтуде. Жалпы, бұл жоғары дәрежедегі халықаралық наградаға Мемлекет басшысы Н.Назарбаев лайықты»,- деді А.Садуақасова.

Оның айтуынша,  Қазақстан одан ары дамып, әлемдік кеңістіктегі өзінің позициясы болуы керек.

«Қазақстанның Президенті әлемдегі экономиканың дамуындағы барлық кезеңдерде ашық әлемді құру және оның құралын жасау керектігі  туралы айтып келеді. Сонымен қатар ол, әлемнің державалары бір үстелге отырып басқарудың жаңа құралына қалай шыға алатыны туралы келіссөз жүргізгені дұрыс деп айтып келеді»,- деп ол еске салды.

Осы тұрғыда, А.Садуақасова атап өткендей, исламдық қаржыландыру еуропалық бөліктегі әлемдік қаржыландыруды теңестіреді.

«Мұнда Қазақстанның позициясы ерекше. Ол Еуразия құрылығының дәл ортасындағы транзиттік тасымалды өткізетін мемлекет. Осы ретте біз исламдық қаржыландыру мен еуропалық қаржыландырудың экономикалық тұрғыда үндесіп келе жатқанын байқаймыз,- деп түйді Орталық жетекшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы берілді. Мемлекет басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика