Парламент

Н.Назарбаевқа GIFA наградасының берілуі ҚР экономикалық саясатының әлем бойынша мойындалуы – Каппель (ФОТО)

Н.Назарбаевқа «Global Islamic Finance Awards» GIFA әлемдік исламдық қаржыландыру наградасының берілуі ҚР экономикалық саясатының әлем бойынша мойындалуы болып табылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Егор Каппель ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы 29 Қазан, 11:35

«Бұл марапат 2011 жылдан бері ғана беріліп келе жатқан дүние. Мұнда Мемлекет басшымыздың көпфекторлы саясаты өз деңгейінде бағаланып отыр. Біздің  ұстанған саясатымыз қазіргі таңда тек мұсылман әлемінде ғана мойындалып отырған жоқ. Біздің басшылыққа алған экономикалық саясатымыз қазіргі таңда әлем елдерінің қолдауына ие болып отыр. Бұл біздің әлемдік деңгейде мойындалуымыз. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың исламдық қаржыландыру бойынша халықаралық экономикалық форумға қатысуы да мемлетімізбен әлем елдірінің санасатынының көрінісі. Форумның мақсаты мұсылман елдеріндегі халықтардың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Ол мұсылман және мұсылман емес әлемнің арасындағы диалог алаңы іспетті», - дейді Е.Каппель.  

Естеріңізге сала кетейік,  қазанда Дубайда (БАӘ) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевқа «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» атағы берілді.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика