Парламент

ҚР Президентінің наградасы Н.Назарбаевтың өзін-өзі қамтушы мемлекеттің жетекшісі ретінде мойындалуы – Мурадов

ҚР Президентіне берілген «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) атағы Н.Назарбаевтың өзін-өзі қамтушы мемлекеттің жетекшісі, экономикалық, саяси және гуманитарлық мәселелерді жаһандық тәртіппен шешуші қайраткер ретінде мойндалуы болып табылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаты Ахмет Мурадов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Астана қаласы29 Қазан , 11:27

«Кешегі форумда сөз алған Нұрсұлтан Әбішұлы исламдық жиынның ұйымдастырылуы әлемдік энергетика ресурстарының 70 пайызын қамтитынын айтты. Дегенмен осы мүмкіндіктерді пайдалануда көптеген жұмыстардың әлі де болса орындалмай жатқанын, соның ішінде исламдық ынтымақтастық елдерінің әлемдік жаһандық экономикаға енуі керектігін мәлімдеді. 
Біз қазір ҚР Президентіне берілген «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) атағы Н.Назарбаевтың өзін өзі қамтушы мемлекеттің жетекшісі, экономикалық, саяси және гуманитарлық мәселелерді жаһандық тәртіппен шешуші қайраткер ретінде мойндалуы екеніне көз жеткізіп отырмыз. Елбасының осынау марапатқа ие болуы ел үшін үлкен жеңіс. Осы орайда әрқайсымыздың да белгілі бір деңгейде осыған үлес қосқанымызды білуіміз керек», - дейді депутат.

Сонымен қатар төменгі палата депутаты Н.Назарбаевтың осынау марапатқа ие болуы ел үшін үлкен жеңіс екенін тілге тиек етті.

«Аталмыш шара Елбасының беделін асқақатып қана қоймай, біздің ол кісіні мақтан тұтуымыз керектігін еске салады. Қазіргі таңда әлем елдері Н.Назарбаевты елді жетістікке бастаған көшбасшы ретінде мойындайтыны анық», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Дубайда (БАӘ) Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» атағы берілді. Қазіргі таңда  исламдық қаржыландыру бойынша «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) халықаралық атағы исламдық банк және  қаржы жүйесі саласындағы үздік атақтардың бірі болып табылады. Атақты жыл сайынғы тағайындау және оны табыстау аясында Ислам шариғаты мен исламдық банк және қаржы жүйесі талаптарына сай келетін әлеуметтік жауапкершілікті дамытуды мақсат ететін исламдық банк және қаржы жүйесі саласындағы институттар, бизнес көшбасшылардан тұратын үздік халықаралық және өңірлік тұлғалар марапатталады. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика