Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Президент наградасы - Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлылығының жарқын дәлелі (БРИФИНГ БЕЙНЕБАЯНЫ)

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жоғары дәрежелі наградамен марапатталуы Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлылығының жарқын дәлелі. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков хабарлады.
Астана қаласы 29 Қазан, 11:24

«Менің айтым келгені бұл награда біздің және сыртқы  саясатымыздың көпвекторлылығының жарқын дәлелі. Сонымен, осыдан екі апта бұрын Президент Брюссельде болды, онда ол Қазақстан мен Еуроодақтың қарым-қатынасы мәселелерін шешті және міне 2 аптадан соң Дубайға барды. Онда Қазақстанның ислам әлеміне интеграциялануы және экономикасының дамуы әңгіме болды», - деп толықтырды А. Башмаков.

Сонымен қатар, А. Башмаков атап өткендей, Президент экономиканы дамытуды басты мақсат  ретінде алдына қоймады, ол тек экономиканы мақсатқа жету құралы ретінде қарастырады.  

«Президенттің Стратегия – 2050 көрсеткен шешімі біздің сыртқы саясатымыздың үлкен жетістігі, оның үстіне Елбасы экономиканы дамыту керек деп алдыңғы қатарға тартқанымен ешқашан гуманитарлық мәселелерді назардан тыс қалдырған емес. Оған дәлел ретінде «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын, Ұлытау бөктеріндегі оның философиялық ой-толғамдары мен 29 тамызда 2015 жылды ҚХА жылы ретінде жариялауы туралы Жарлығын келтіре аламыз. Демек, мемлекет басшысы экономиканы басты мақсат емес, мақсатқа жетуді жолы ретінде қарастырады. Ол үшін адам және оның рухани дүниетанымы маңызды», - деп толықтырды сенатор.

Естеріңізге сала кетейік, 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Global Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы берілді. Мемлекет басшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited» компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика