Парламент

А. Башмаков: Н.Назарбаевқа GIFA сыйлығының берілуі – Қазақстанның қарқынды даму көрсеткіші

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығының берілуі, бірінші кезекте, барша Қазақстан халқын мойындау, деп мәлімдеді бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан29 Қазан , 11:04

«Кеше біз Президентімідің Исламдық қаржыландыру сыйлығының Лауреаты атанғанын қуана естідік. Өздеріңізге де белгілі, Исламдық Экономикалық форумын құру идеясы 2003 жылы пайда болып, 2004 жылдан бастап ең үздік институттар, қолданбалы зертханалар, мекемелер, мемлекет басшылары мен үкіметтер осынау жоғары деңгейдегі атақпен марапатталады. Исламдық қаржыландыру сыйлығының лауреатын алу критерийі мемлекет басшыларының тек ұлттық экономиканы дамытуда қосқан үлесімен шектелмей, сонымен қатар азаматтық білім беру қоғамын құру идеялары мен мәдениетіне байланысты мәселелер кешенін де қамтиды», - дейді А. Башмаков.

«Менің ойымша, Қазақстан мен ел Көшбасшысына осынау атақтың берілуі тұтастай елдің қарқынды дамуын мойындаудың көрсеткіші. Комиссияның мәліметінше, Қазақстанның дамушы экономикасы 2014 жылғы қаржылық-экономикалық дағдарыс кезінде қарқынды даму жолына түсіп қана қоймай, сонымен қатар ел экономикасының дамуына кедергі келтіретін қатерлердің алдын алу жолында жұмыс істеуде», - дейді Парламенттің жоғарғы палата депутаты.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда Дубайда (БАӘ) Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Исламдық қаржыландыру бойынша жаһандық көшбасшы» атағы берілді. Қазіргі таңда  исламдық қаржыландыру бойынша «Global Islamic Finance Awards» (GIFA) халықаралық атағы исламдық банк және  қаржы жүйесі саласындағы үздік атақтардың бірі болып табылады. Атақты жыл сайынғы тағайындау және оны табыстау аясында Ислам шариғаты мен исламдық банк және қаржы жүйесі талаптарына сай келетін әлеуметтік жауапкершілікті дамытуды мақсат ететін исламдық банк және қаржы жүйесі саласындағы институттар, бизнес көшбасшылардан тұратын үздік халықаралық және өңірлік тұлғалар марапатталады.  

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика