Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде және саудада қожалықтар мен ШОБ дамыту

2013 жылы ҚР астық экспортын 9,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр

Биыл Қазақстанда астық экспортын 9,5 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді ҚР Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Орталық Коммуникация Қызметінің отырысында.
Казахстан23 Қыркүйек , 13:10

«Астық экспорты биыл ортадан сәл жоғары дәрежеде, 9,5 млн тонна шамасында болады», - деді А.Мамытбеков.

Ал астық сақтау қоймаларының жалпы көлемі 24,6 млн тоннаны қамтиды. Бұл  болжанып отырған 18,5 млн тонна астықты сақтауға жетеді.

«Өкінішке орай, 2011 жылы байқағанымыздай, экспорттық әлеуетіміз  барлық астықты сыртқа сата аламыз дегенге келмейді. Өйткені біздің сату мүмкіндігімізбен қатар екінші жақтың жағдайы мен дәстүрлі сатып алушыларымыздың  сұранысы да ескеріледі», - деді министр.

Министрдің  айтуынша, 2011 жылы жоспарланған 30 млн тоннаның тек 12,5 млн тоннадан астамығана сатылған. Ал ішкі сұранысымыз өздеріңізге белгілі, 7-8 млн тонна шамасында.

 

 

 




Яндекс.Метрика