Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Ақтөбеде Корея мәдениеті күндері өтті

Ақтөбеде Астанадағы Корея Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен Корея мәдениеті күндері өтті, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе29 Қазан , 19:58

«Ақтөбедегі шараға қатысу үшін Корея елшісінің орынбасары кеңесші елші Сонг Гым Ёнг пен кореялық мәдениет орталығының  директоры және Корея республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Ви Мён Чже ханым келді», - делінген хабарламада.

Қонақтар облыстық Достық үйінің  мұражайын  аралады, онда олар аймақтағы 19 этно-мәдени бірлестіктердің ұлттық киімдері, ыдыс-аяғы, музыкалық аспаптары мен өзгеде дүниелерін тамашалады.

Аталып өткендей, шараның мақсаты – ақтөбеліктерді кореялық мәдениетпен жақынырақ танысу. Болашақта Ақтөбеде кореялық әртістердің қатысуымен концерт өткізу көзделуде. 




Яндекс.Метрика