Өңірлер

Көкшетаудың 65 тұрғыны мүлікті заңдастыру комиссиясына өтініш берді

Көкшетаудағы мүлікті заңдастыру комиссиясына 65 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Ақмола29 Қазан , 11:52

«Бүгінге дейін Көкшетау қалалық әкімдігі жанындағы мүлікті заңдастыру комиссиясына 65 өтініш келіп түсті. 24 өтініш бойынша комиссия шешім қабылдап, соның 9-ына рұқсат берілсе, 15 өтініш иесінің өтініші кері қайтарылды. Тағы 19 өтінішті комиссия қарап жатыр. Және 22 өтініш бойынша құжаттар кері қайтарылды.

«Қала тұрғындарынан келіп түскен өтініштер ағымының басым көпшілігі тұрғын үй, шаруашылық құрылыстар мен гараждар мүліктерін меншіктеу бойынша толтырылған. Өтініш иелерінің көпшілігі толық құжаттар пакетін әкеле бермейді. Сол себепті қосымша кеңестер беріледі. Бүгнінге дейін 600 тұрғынға осындай қызмет көрсетілді. Өтініштерді кері қайтару себептері негізінен құжаттардың жетіспеушілігі мен әкелінген құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сай келмеуі», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, ел экономикасын нығайтуда қосымша қаражат тарту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметтің мойнына азаматтардың мүліктерін заңдастыру бойынша заң жобасын дайындау туралы міндет жүктеген болатын. Заңдастыру науқаны елімізде биылғы жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасын таппақ.




Яндекс.Метрика