Халықаралық интеграция

Елбасы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен интеграциялық байланыстарға мән беретін қайраткер - Т.Сүлейменов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда мемлекеттер арасындағы ынтымақастық пен интеграциялық байланыстарға мән беретін қайраткер. Осы ұйым арқылы да Н.Назарбаев көптеген халықаралық ушыққан мәселелердің шешілуіне ат салысуда, дейді Қазақстан Республикасының тұңғыш сыртқы істер министрі, мемлекет қайраткері Төлеутай Сүлейменов.
Астана қаласы29 Қазан , 12:23

«Ислам Ынтымақтастығы ұйымына Қазақстан 1995 жылы мүше болып, содан бері ислам әлемінде біздің ел өзінің ұтымды ұсыныстарын айтып, ұйымдағы беделді мемлекеттердің біріне айналды. 2011 жылғы осы ұйымға Қазақстан төрағалық етіп, сол жылы Астана резолюциясы қабылданды. Жалпы Елбасы ішкі және сыртқы саясатта мұсылмандар мүддесінің қорғалуы жолында көп еңбек сіңірді», - дейді дипломат.

Оның айтуынша, Ислам әлемімен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қашанда мемлекеттер арасындағы ынтымақастық пен интеграциялық байланыстарға мән беретін қайраткер. Осы ұйым арқылы да Н.Назарбаев көптеген халықаралық ушыққан мәселелердің шешілуіне ат салысуда.

Жалпы, аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің барлығы Қазақстанның саясатын бір ауыздан қолдап, тиісті бағасын беріп отыр. ҚР Президентіне берілген GIFA сыйлығы соның көрсеткіші.

«Ішкі саясаттағы исламдық қаржы жүйесіне келер болсақ, Мемлекет басшысы елде исламдық қаржыландыру жүйесінің жұмыс істеуіне жол ашып, теңдей мүмкіндік беріп отыр. Осынау ынтымақтастықтың арқасында мұсылман елдерінің де біздің мемлкетке берген көмегі аз емес. БАӘ мен Катар секілді мемлекеттер елімізде салған мешіттерінен бөлек құрылыс саласына да айтарлықтай ат салысуда. Өздеріңізге де белгілі Астананың төрінен салынғалы отырған 88 қабаттын Әбу Даби Плаза ғимараты да еліміздің өзге елдермен достық саясатының жемісі», - дейді Төлеутай Сүлейменов.

Сөз соңында мемлекет қайраткері Елбасын аталмыш марапатымен құттықтады.

Бауыржан Мұқанов




Яндекс.Метрика