Халықаралық интеграция

Талдықорған басшылығы мен қытайлық қала Баозца арасында инвестициялар туралы меморандумға қол қойылды – ҰКП

Талдықорған басшылығы мен қытайлық қала Баозца арасында инвестициялар туралы меморандумға ол қойылды. Бұл келісім облыс орталығы мен жақын жерде орналасқан аудандарда түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды көздейді, деп ҚР ҰКП хабарлады
Алматы29 Қазан , 10:49

Атап айтар болсақ, екі тарап ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамытуға мүдделі. Сонымен қатар, өңірде қант қызылшасын қайта өңдеуді қайта жаңғырту жоспарланып отыр, сондай-ақ басқа да қызықты ұсыныстар жоқ емес.

Қала әкімі Ермек Алпысовтың айтуынша, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп әзірленген басты басымдылықты жобалардың бірі – бұл қант зауыты құрылысы.

«Қытайлық тараптың өте жақсы атқарымдары бар. Әрине, облысымызға келгенде Елбасының айтып кеткен тапсырмасына орай бұл мәселе мұқият зерттелетін болады, бұл аса өзекті. Егер мұндай зауыт Талдықорғанда немесе оның шеткері аймақтарының бірінде салынатын болса, бұл ауыл шаруашылығының дамуынан, атап айтқанда қант қызылшасының қайта түлеуінен оң көрініс табатын болады», - деп атап өтті қала әкімі.

Жалпы, қытайлық тарап өкілдерінің Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасымен жарты жылдан астам уақыттан бері тығыз қарым-қатынас жасап келе жатқанын айта кету керек. 




Яндекс.Метрика