Ұлттың денсаулығы

Жамбыл облысында Паразиялық ойындарының жеңімпазына 1 млн теңге сыйақы берілді

Жамбыл облысында Паразиялық ойындарының алтын медалінің иегері аймақ басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қолынан 1 млн теңгенің сертификатын алды, деп әкімдіктен хабарлады.
Жамбыл29 Қазан , 10:18

«Кездесуге ХІ Азия Паразиялық ойындарында су спортынан алтын медальға қол жеткізген Зүльфия Габидулина мен регбиден өткен ХVII Азия ойындарының қола жүлдегері Нигора Нұрматова қатысты.Өңір басшысы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі. Азия ойындарында облыс намысын қорғап алтыннан алқа таққан жүлдегерге 1 млн. теңге,  ал қола жүлде иесіне  500 мың теңгенің қаржылай  сертификаттарын табыстады», делінген хабарламада.

Айта кетейік,  Зульфия Габидуллина  50 метрге еркін жүзуден ХІ Пара Азиялық ойындарда әлем рекордын жаңартты.




Яндекс.Метрика