Басқару

Бас прокуратурада кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Бас прокуратурада Бас прокурор Асхат Дауылбаев пен Ұлттық кісіпкерлер палатасы Президиуымының Төрағасы Тимур Құлыбаевтың, аймақтық прокуроралардың, кәсіпкерлер палаталарының, сондай-ақ облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі орынбасарларының қатысуымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан29 Қазан , 10:03

Отырыста Бас прокуратура мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы әріптестік жөніндегі меморандумның шеңберіндегі бірлескен жұмыстың кезекті нәтижелері қаралды, сондай-ақ өзара әрекеттесудің бұдан кейінгі басым бағыттары талқыланды.

Кезекті кездесуді аша отырып, Асхат Дауылбаев келісім шеңберінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту мен қорғауға бағытталған бірлескен іс-шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.

Атап айтқанда, жекелеген кәсіпкерлердің қатысуымен эксперименттік жағдайлар өткізе отырып, бизнес субъектілерінің уәкілетті органдар мен ұйымдарда рұқсат беру рәсімдерін өтуіне талдау жүргізілді.

«Талдау кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін заңдылықтың айтарлықтай бұзылуларын анықтауға мүмкіндік берді. Мәселен, кәсіпкерлердің құқықтары жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы салаларында жиі бұзылады.Көп жағдайда бұл кедергілер қолдан жасалады. Атап айтсақ, әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлер сәулет-жобалау тапсырмасын алу үшін келген кезде олардан заңмен көзделмеген құжаттарды талап еткен», - деді ол.

Хабарланғандай, талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне орталық және жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет туралы заң ережелерін қатаң сақтау, кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру жолында қолдан жасалған кедергілерді жою туралы тиісті хаттар жолданды.

Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында отырысқа қатысушылар прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палаталарының әкімшілік кедергілерді анықтау және жою бойынша іс-шараларының типтік жоспарын мақұлдады.

Бұдан басқа, Бас прокурор облыс прокурорларына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аймақтық бөлімшелерімен тығыз өзара қарым-қатынаста аталған бағыттар бойынша талдау жүргізуді тапсырды.




Яндекс.Метрика