Халықаралық интеграция

Қазақстан ислам әлемін әрі қарай нығайту мен дамытудың табанды жақтаушысы болып қала береді – Н.Назарбаев

Елбасы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының «Экономикалық өсу жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған 10-шы отырысында сөз сөйледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде29 Қазан , 09:01

Бұл ретте мұсылман әлемі халық санының өсуі, кедейлік, табиғи ресурстардың біртіндеп сарқылуы, экологияның нашарлауы секілді елеулі мәселелерге кезігіп отыр. 

«Осы сын-қатерлерді лайықты қарсы алып, еңсеру үшін батыл ынтымақтастық және қажетті бастамалар қабылдау керек болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымына біздің елдің төрағалығы барысында Ислам әлемінің ХХІ ғасырдағы дамуының негізі ретіндегі жаңғыру мен реформаларға бағытталған ИЫҰ-ның Астана декларациясы қабылданғанын еске салды.

«Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ислам әлемін әрі қарай нығайту мен дамытудың табанды жақтаушысы болып қала береді», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті әлемдік энергетикалық ресурстардың 70 пайызына бақылау жасайтын Ислам ынтымақтастығы ұйымына әлемдік ІЖӨ-нің тек 7,5 пайызы және жаһандық тауар айналымының 11,2 пайызы ғана тиесілі екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан инвесторлар тарту үшін барлық жағдайды жасап, тиімді көліктік-логистикалық инфрақұрылым қалыптастырып жатқанын айтты.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика