Өңірлер

Қазақстанда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны жария етілді

Қазақстанда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны заңдастырылды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.
Казахстан28 Қазан , 17:48

Министрліктің хабарлауынша, жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияға жалпы құны 49,3 млрд теңгенің мүлкін заңдастыруға 6 014 өтініш келіп түскен.

«Солардың ішінде 35,1 млрд теңгенің 4 734 тұрғын нысаны, 13,6 млрд теңгенің 3 017 тұрғын емес нысаны, соның ішінде 6,5 млрд теңгенің 502 коммерциялық нысаны, 0,7 млрд теңгенің заңды тұлғалардың үлесіне қатысу бойынша 13 өтініш келіп түскен. Қазіргі таңда 5,6 млрд теңгенің 949 нысаны заңдастырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР аумағынан тыс жердегі мүлікті заңдастыру бойынша салық органдарына 2014 жылдың 27 қазанына дейін өтініш түспеген.

Мүлікті заңдастыру бойынша келіп түскен өтініштер саны бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы көш басында (тиісінше 1727 және 1420). Үшінші орында Ақтөбе облысы белсенділік танытса, соңғы орында Маңғыстау облысы азаматтары. Олар науқан басталғаннан бері небары мүлікті заңдастыру бойынша 41 өтініш берген, деп хабарлайды ведомство.

ҚР Ұлттық банкінің 2014 жылдың 27 қазанындағы есебінің мәліметі бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 1 714,4 млн теңгенің қаражатын заңдастыруға арнайы жинақ шоты ашылған. Соның ішінде 334,6 млн теңге жинақ шоттарынан алынып, бюджетке 37,2 млн теңге қаражат түскен. ҚР экономикасына 1 млн теңге инвестицияланды.




Яндекс.Метрика