EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ мен ҚХР Туристік палатасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстандық делегация «III туризм бойынша жаһандық экономикалық форум Макао - 2014» қатысты және оның аясында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен ҚХР Туристік палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға отырда, деп СІМ хабарлады.
Әлемде28 Қазан , 18:51

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары - ЭКСПО-2017 комиссары  Рәпіл  Жошыбаев министрлік сессиясында сөз сөйлеп, қазақстанда туристік климатты жақсарту бойынша Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Өз сөзінде  Комиссар атап өткендей,  «ЭКСПО-2017» еліміздегі туризмді дамытудың  локомотиві болып табылады.

 «Форум қорытындысы бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен ҚХР Туристік  палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға, Ұлттық компанияның РАТА-ға мүшелігі туралы келісімге, аталмыш туристік қауымдастықпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Комиссар сапары аясында «ЭКСПО-2017» мен Макао мен Гонконгтың 80-нен астам туристік операторына арналған 2 семинар ұйымдастырылды», - деп хабарлайды ведомство. 

Сонымен қатар, Комбоджа мен Хорватияның туризм министрлерімен, РАТА төрағасы Скот Суперномен,  UNWTO  атқарушы директорымен келіссөз жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев оларды сауда-экономикалық және туристік салада өзара ынтымақтастық құру үшін Қазақстанға шақырды. 

UNWTO басшылығымен визалық саясатты жетілдіру бойынша зерттеу жұмыстары мен қазақстандық еріктілерді оқытуды қамтитын бірлескен жұмыс жоспарын дайындау бойынша келісімге қол жеткізді. 




Яндекс.Метрика