ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Астанада «Дінтұтқа» кітабының тұсаукесері өтті

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің 10 жылдығы қарсаңында бүгін Астанада «Дінтұтқа» кітабының тұсаукесері өтті.
Астана қаласы23 Қыркүйек , 16:00

Жинақтың мақсаты – Қазақстанның конфессияаралық саясаттағы бауырмалдық пен өзара түсіністікке бағытталған келелі жұмыстарымен және ҚР Президентінің бастамасымен құрылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің еңбегімен таныстыру.

Шара барысында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бірігуі мен өзара диалогын орнатудағы Елбасының еңбегі аталды.

Кітап әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының және ҚР Дін істері Агенттігі қолдауымен шығарылды. «Егемен Қазақстан» газетіне 2003-2013 жылдар аралығында дінаралық диалог жайындағы мақалалар, сараптамалық материалдар мен сұхбаттар осы жинаққа енген.

«Алдағы уақытта кітаптың орыс және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларын жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз», - делінді тұсаукесерде.

Шараға ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, мемлекеттік орган жетекшілері,ғылым мен мәдениеттің көрнекті қайраткерлері және түрлі конфессия өкілдері қатысты.

 




Яндекс.Метрика