Энергияның балама көздерін дамыту

Ақмола облысында қуаттылығы 45 мВТ болатын алғашқы жел электр станциясы салынуда - Досмұхаметов

Ақмола облысының Ерейментау қаласында жалпы қуаттылығы 45 мВТ болатын 22 жел құрылғылары салынады, бұл жел электр станциясы саласындағы аймақтағы алғашқы нысан және ол ЭКСПО-2017 электрэнергиясын жеткізіп тұрады. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады.
Нұр-Сұлтан28 Қазан , 17:14

«Баламалы энергия саласындағы өзгеше жоба - ол бірінші жел электростанциясын салу болып табылады. Аталмыш жобаны Самұрық-Энерго компаниялар тобына жататын «Бірінші жел электрэнергия компаниясы» АҚ жүзеге асырады. Ақмола облысының Ерейментау  қаласында жалпы қуаттылығы 45 мВТ  22 жел құрылғылары салынады, бұл жел электр станциясы саласындағы аймақтағы алғашқы нысан және ол ЭКСПО-2017 электрэнергиясын жеткізіп тұрады», - деп сендірді ол.

Оның айтуынша, жобаға 14,5 млрд теңге жаратылды.

«Жалпы, біз бұл жобаға 14,5 млрд теңге құйдық, осылайша энерготиімділікті арттыруға тамшыдай болсада үлесімізді қосудамыз», - деп ағынан жарылды Қ. Досмұхаметов.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика