Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбеде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 2 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты

Ақтөбеде «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бүгінгі таңға дейін 2780 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе28 Қазан , 18:04

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 120-дан астам адам қатысты. Өз жұмыс орындарын 20-дан астам компания ұсынды. Қажеттілік танытқан мамандықтар: желі жөндеушілері, қазандық операторлары, қызмет көрсету саласының мамандары», - делінген хабарламада.

Әкімдікте хабарлағандай, партиялық «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедектерді жұмыспен қамту мәселесі қатаң қадағаланады. Бүгінгі таңда 14 320 адамның ішінде 2 780 жұмысқа орналасты. Бұл жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жүргізіліп отырған жұмыс.

 




Яндекс.Метрика