ЕАДБ қазақстандық темір жолдарда шамамен 13% электр энергиясын үнемдейді

Энергетикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған Еуразиялық Даму Банкі жобасы Қазақстан темір жолдарында дизель отынымын қатар электр энергиясын да үнемдеуге мүмкіндік береді. Нақты айтар болсақ, дизель отынын 7 пайыз, электр қуатын 13 пайыз үнемдеуге мүмкіндік бар. Бұл туралы Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұхамбетов Астанадағы дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Қазан , 16:41

«Банк  жүзеге асырып жатқан 80 жобаның 31-і энергетикалық тиімділікті арттыруға бағытталған. Қазақстанда сонымен қатар энергеикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған өзге де жобалар жүзеге асырылуда. Біз қазір «Қазақстан Темір Жолы» мен «Транстелеком» компанияларының үлескер компанияларымен бірігіп автоматты басқару жүйесін құру бойынша жоба жүзеге асырып жатырмыз. Бұл жүйе тепловоздарда дизель отыны мен электровоздарда электр қуатының шығынын бақылау мен есептеуге мүмкіндік береді. Жоба арқылы тепловоздар мен электровоздарға жоғары технологиялық құрылғылар орнатылып, бұл өз кезегінде дизель отыны мен элекр қуатының шығымы туралы мәліметтерді жинауға жол ашады», - Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұхамбетов.

Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары Қанат Досмұхамбетовтың айтуынша, аталмыш жоба Қазақстан темір жолдарында дизель отынымын қатар электр энергиясын да үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Бұл жоба Қазақстан темір жолдарында дизель отынымын қатар электр энергиясын да үнемдеуге мүмкіндік береді. Нақты айтар болсақ, дизель отынын 7 пайыз, электр қуатын 13 пайыз үнемдеуге жол ашпақ. Бұл дегеніңіз 13 жылда шамамен 100 млрд теңге үнемдеу деген сөз», - дейді Қ.Досмұхамбетов.

Оның айтуынша, тұтас жоба  құны 25,5 млрд теңге. «Біз жобаға 17,5 млрд теңге көлемінде қаржы құйдық. Ал жалпы жоба құны 25,5 млрд теңге», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика