Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда өтіп жатқан 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысуда.
Әлемде28 Қазан , 16:32

Форумның басты міндеті: мұсылман елдері халқының экономикалық әл-ауқатының өсуі және бүкіл әлемдегі қауымдастықтардың сауда мен бизнес мүмкіндіктері арқылы жағдайды жақсарту.

Сондай-ақ, мұсылман әлемінде сауда мен экономикалық қызметті  инвесторлар мен серіктестіктерді өзге елдерден тарту мақсатында дамыту; идея, тәжірибе, білім  алмасу арқылы стратегиялық одақтардың жүйесін нығайта түсу.

Мұсылман және мұсылман емес елдер арасында диалог пен ынтымақтастықты дамыта түсу. Іскерлік қарым-қатынас мұсылман және мұсылман емес елдер арасындағы көпірге айналуы мүмкін.

Айта кетерлігі, Қазақстан республика аясында исламдық қаржыландыруды жүзеге асыруда. Мемлекет ислам банкингіне бар жағдайды жасады. Оны ДИЭФ форумына қатысушылар атап өтті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда өтіп жатқан 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысуда. 




Яндекс.Метрика