Инфрақұрылымның дамуы

Қазақстанда республикалық жолдар қысқа 91 пайызға дайын – ИДМ

Қазақстанда республикалық жолдардың 91 пайызы қысқа дайын. Бұл туралы Астанада өткен автожолдарды қыс жағдайында күтіп-ұстау мәселелеріне арналған кеңесте мәлім болды.
Казахстан28 Қазан , 19:06

«ҚР инвестиция және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшылығымен бірлесіп, акционерлік қоғамның облыстық филиалдары мен «Казахавтодор» РМК-на 1 қарашаға дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қыста күтіп-ұстауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, сонымен бірге ең қауіпті деген учаскелерін бақылауға алуды тапсырды», - деп хабарлады ИДМ.    

Қазіргі сәтке жол техникасының қысқа дайындығы 91% болғандығын атап өткен жөн.

Кеңеске ҚР ІІМ-нің өкілдері қатысты. Олармен бірлесіп төтенше жағдайлар  болған сәттерде және оларды жоюда өзара іс-қимылды күшейту туралы шешім қабылданды.

 «Біз жолдарды қыс жағдайын күтіп-ұстауға кірісе бастадық. Өз тарапымыздан біз республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктердің жыл бойы бөгетсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін бар күшімізді жұмсайтын боламыз. Ендігісі жүргізушілерге байланысты, өйткені көлік құралдарының қыс кезеңінде пайдалануға әзірлігі солардың  қолында», – деді Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Сайранбек Бармақов.

 




Яндекс.Метрика