Халықаралық интеграция

Н. Назарбаев Малайзия мен Люксембургтың Премьер-министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия мен Люксембургтың Премьер-министрлерімен 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы аясында екіжақты кездесулер өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде28 Қазан , 15:58

«Малайзияның Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен кездесуде екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық, сондай-ақ инновация мен жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымдағы мәселелері қарастырылды», - делінген хабарламада.

Ал, Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі Ксавье Беттелмен кездесуде сауда және инвестициялық бағыттарды қоса қамтитын экономикалық өзара іс-қимыл аспектілері талқыланды. 




Яндекс.Метрика