Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

Ауылдық жерлердегі ауруханалардың материалды-техникалық базасы 60%-ға төмен - С.Қайырбекова

Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі ауруханалардың материалды-техникалық базасы елдегі қабылданған стандарттан 60%-ға төмен, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің отырсында.
Астана қаласы23 Қыркүйек , 17:30

Оның айтуынша, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама бойынша медициналық қондырғылармен қамтамасыз етуде онкология,кардиохирургия, кардиология, ана мен бала денсаулығы, травматология салаларына ерекше басымдылық берілмек. 

«Біз өлім-жітім себептеріне көп көңіл бөлеміз, осының алдын алу үшін жұмыс істейміз. Орташа алғанда бізде бала тууға берілетін көмекшамамен 60-90% құрайды, бұл әрине, әр өңірде әр түрлі», - деді министр.

«Ауылдық жерлердегі аурухана орындары біз белгілеген шамадан 60%-ға төмен», - деді.

Дәрі-дәрмекке келер болсақ, ведомство басшысының айтуынша, «ешқандай қиындық жоқ».

«Кепілдендірілген және жеңілдікпен қамтамасыз етілетін көмектер жылдан жылға өсуде. Жыл сайын дәрі-дәрмек сатып алуға 71 млрд теңге жұмсаймыз. Бірнеше жыл бұрын ғана бұл көрсеткіш 40 млрд теңге еді», - деді С.Қайырбекова.

«Елімізде азаматтардың 46%-ы ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, 60 %-дық көрсеткіш біз үшін артықшылық. Біз қандай да бір аурухананы қамтамасыз еткенде бірден барлық бөлімдерін қамтимыз», - деді министр.

 




Яндекс.Метрика