Өңірлер

Қазақстанда бидайды кептіру үшін тағы 53 мың тоннадан астам дизельді отын бөлінді

Қазақстанда бидайды кептіру үшін қазан-қараша айларына қосымша 53 мың тоннандан астам дизельді отын бөлінді, деп ҚР Ауыршалуашылығы министрлігі агроөндірістік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновқа сілтеме жасай отырып хабарлады.
Казахстан28 Қазан , 15:18

«Бүгінде егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 24 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті. Оның ішінде  4,2% бидай,  80% -үшінші , қалғаны төртінші сұрып.  Сондай-ақ, егін жинау науқанына тағы қосымша 3 тонна дизельді отын бидайды кептіру үшін бөлінді»,- деді С.Хасенов.

 

Ведомсвтодан атап өткендей, 24 қазандағы жай-күй бойынша облыстардың операторлары 27,7 мың тонна дизель отынына немесе жоспарланған көлемнен 52% төлем жүргізді. Астық кептіруге арналған 20,1 мың тоннаға жуық (38%) дизель отыны тиеп жөнелтілді.

 «2014 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам (87,5%) жиналып, 12,3ц/га орташа өнімділік кезінде 16,2 млн. тонна астық басылды», - делінген ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарламасында.

Бұдан басқа, салалық министрлікте астық шығыстары мен сапасының төмендеуі ағымдағы жылы астық бағысының артуы есебінен өтеледі, деп сендірді.

«Астық құнына қатысты 2014 жылы 3 сынып жұмсақ бидайына баға ішкі нарықта тоннасына 42 000 теңгеге жуық қалыптасуда, бұл өткен жылғы деңгейден біршама жоғары (тоннасына шамамен 25000 - 28 000 теңге), 4 сынып бидайының құны тоннасына 36 000 теңге, 5-сынып -28 000 теңге құрайды», - деп АШМ-нан хабарлады. 




Яндекс.Метрика