Өңірлер

Қазақстанда егін алқабының 88%-нан 16,2 млн. тонна астық басылды

Қазақстанда егін алқабының 88%-нан 16,2 млн. тонна астық басылды, деп ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі хабарлайды.
Казахстан28 Қазан , 14:32

«2014 жылғы 27 қазандағы жағдай бойынша 13,1 млн. гектардан астам (87,5%) жиналып, 12,3ц/га орташа өнімділік кезінде 16,2 млн. тонна астық басылды», - деп ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен хабарлады. 

Айта кетерлік жайт, негізгі астық егу өңірлерінде - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 11,5 млн. гектар құрады, 9,7 млн. гектар немесе жалпы егін жинау алқабынан 84,3% жиналды, 12,4 ц/га орташа өнімділігі кезінде 12,0 млн. тонна астық басылды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша дәнді дақылдардың егін жинау алқабы 15,0 млн. гектар (2013 жылдан 736,3 мың гектарға кем) құрайды.» Әртараптандыру бағдарламасының шеңберінде егістік жерлердің құрылымы елеулі өзгеруде. Мысалға, бидайдың егістік алқаптары соңғы 5 жылда 2 млн. га дейін (2009 жылғы 14,8 млн. гектардан 2014 жылғы 12,4 млн. гектарға) қысқарды. Бұл ретте басқа дақылдардың егістіктері арта түсуде. Атап айтқанда майлы дақылдардың егістік алқаптары  2009 жылғы 0,7 млн. гектардан 2014 жылғы 2,3 млн. гектарға дейін, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп 2009 жылғы 338 мың гектардан 2014 жылғы 413 мың гектарға дейін, жемдік дақылдар 2009 жылғы 2,5 млн. гектардан 2014 жылғы 3,3 млн. гектарға дейін артуда», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Ақмола облысында 3,8 млн гектар (93,6%) жиналды, 12,0 ц/га өнімділігі кезінде 4,6 млн. тонна астық басылды. Қостанай облысында 3,2 млн. гектар (77,4%) жиналды, 10,4 ц/га өнімділігі кезінде 3,3 млн. тонна астық басылды. Солтүстік Қазақстан облысында 2,7 млн. гектар (81,7 %) жиналды, 15,4 ц/га өнімділігі кезінде 4,1 млн. тонна астық басылды.

«Сол уақытта кейбір шаруашылықтарда егін жинау жұмыстары сұлатпа дестелегіштердің болмауынан, ауыл шаруашылығы техникасының тозуынан, қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігінен, сондай-ақ бірқатар басқа себептерден 25%-ға кем аяқталды», - деп толықтырды АШМ.




Яндекс.Метрика