Мәдениетті жаңғырту

"Әлем" балеті Оңтүстік Кореяның жүрегін биледі

Қазақстан және Оңтүстік Корея мәдениет саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда. Өткен демалыс күндері Сеулде ел тұрғындары мен қонақтары қазіргі заманғы қазақстандық өнерді тамашалау мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде28 Қазан , 19:46

“Astana Ballet” әртістері Сеулдің ең ірі концерттік алаңдарының бірі – “Yeouido KBS Hall” сахынасында Болат Ғафаров және Арманд Амар музыкасына жазылған әйгілі ресейлік хореограф Никита Дмитриевскийдің қойылымымен бір актілік “Әлем” балетін халықаралық деңгейде паш етті.

“Astana Ballet” өнерін өз көздерімен келіп көруге жиналған корей көрермендері сахына саңлақтарын жылы шыраймен қарсы алып, олардың нағыз шеберлігін өте жоғары бағалады. Классикалық, қазіргі заманғы және ұлттық билердің таң қаларлық үйлесімі болып табылған “Әлемнің” декорациясы ретінде өте күрделі партитура, арнайы әсерлер, компьютерлік графика және қазақ даласында арнайы түсірілген бейнелер қолданылған.

Әдемі әсердің жетегінде қалған көрермендер қойылым ақырында орындарынан тұрып, ұзақ уақыт бойы қол соғып, шынайы қошеметтерін білдірді.

Кореяның өнер қайраткерлері және сарапшылары қойылымның технологиялық сүйемелдеуін жоғары бағалап, мұндайды тіпті Оңтүстік Кореяда бұрын-соңды кездестірмегендерін атап өтуде.




Яндекс.Метрика