Халықаралық интеграция

Германия Қазақстанмен өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - СІМ

Бундестаг депутаты Аксель Фишердің шақыруымен ҚР Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Баден-Вюртемберг федералдық жеріндегі Карлсруэ округінің Эттлингер және Штутензее қалаларында жұмыс сапарымен болды, деп ҚР СІМ хабарлады.
Әлемде28 Қазан , 15:33

«Осы аймақтарда болу кезінде қазақстандық дипломат Карлсруэ қаласының бургомистрі Кристоф Шнаудигалмен, Эттлингер қаласының бургомистрі Томас Федроумен, Штутензее қаласының бургомистрі Клаус Демальмен, Обердердингер қаласының бургомистрі Томасом Новицкимен, сондай-ақ аймақтық Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Роберт Хубермен екі жақты кездесу өткізді», - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында Астанада «Экспо-2017» халықаралық көрмесі мәтінінде «энергетика және энерготиімділік» тақырыбында Қазақстан экономикасының тұсаукесерін өткізуді ұсынды.

Ведомстводан хабарлағандай, ҚР Елшісі өзінің сапары аясында жоғары техника, энергетика, металлургия және санитарлық техникамен мамандандырылған «Rotech», «Pipetronix GmbH», «Blanco» компанияларының өнеркәсіп цехтарында болып қайтты. Қазақстандық дипломат өз кезегінде іскер топтарды инвестициялық тартымдылықты көтеру саласындағы Қазақстанда өткізіліп жатқан реформалармен таныстырып, елдің экономикасына белсенді түрде инвестиция жасауға шақырды.

Айа кетерлік жайт, Карлсруэ аймағы Еуропалық Одағындағы ең жемісті технологиялық орталықтарының бірі болып табылады. Бұл аймақта нанотехнология, металл өңдеу, полиграфия, тамақ, мұнай өңдеу және химия өнеркәсібі, сондай-ақ электротехникалық және көлік машиналарын жасау өркенделген.




Яндекс.Метрика