Өңірлер

АШМ 2014 жылы астықтың қымбаттығынан туған аграрилердің шығынын компенсациялайды

АШМ 2014 жылы астықтың қымбаттығынан туған аграрилердің шығынын компенсациялайды, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөндірістік кешен инспекциясы мемлекеттік комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.
Нұр-Сұлтан 28 Қазан, 12:53

«Бағаның өсу құны қайта қаралды. Бұл бидайдың сапасын компаенсациялауды қарастырады. Егер де өткен жылы үшінші санаттағы бидайдың бағасы 28 мың теңге болса, осы жылы ол 42 мыңды құрады. Осы жылы төртінші және бесінші санаттағы бидай сатылымы 36 мың теңге және тоннасына 28 мың теңге белгіленді», - деді ол.

Айта кетейік, 25-26 қазан аралығында өткен толассыз жауындар жинау жұмысын қиындатып жіберді. Мұндай оқиға 1987 жылы болған еді.

«Қостанай, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында астық жинау науқаны аяқталды. Бүгінгі таңда 5 млн тонна астық элеваторда тұр. Оның ішінде 4,2 пайыз бидай, 80 пайызы үшінші санатты бидай, қалғаны  төртінші класс», - деді ол.

Осы жылы оқиғаны ескере отырып, астықты кептіру үшін 53 мың тонна дизель отыны бөлінді. Себебі астық дымқыл», - деді ол.

АШМ ақпараты бойынша, бүгінгі таңда республика бойынша 13,1 млн гектар жер тазаланды, ол 87,5 пайызды құрайды.

Камила Амирова





Яндекс.Метрика