Халықаралық интеграция

ЕО Орталық Азия елдерінде ювеналды әділет пен азаматтық құқық әлеуетін арттырады – Жан-Луи Лаврофф (Видео)

Еуропалық одақ Орталық Азия елдерінде ювеналды әділет пен азаматтық құқық секілді бағыттардың әлеуетін арттыруға үлес қосады, дейді ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілді техникалық қолдау бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдерінің әділет министрлерінің төртінші конференциясында.
Нұр-Сұлтан 28 Қазан, 12:37

«Еуропалық одақ Орталық Азия елдерінде ювеналды әділет пен азаматтық құқық секілді бағыттардың әлеуетін арттыруға үлес қосады. Қырғыз Республикасында осы елдің сұрауымен біз құқық үстемдігі мәселесін қолға алып жатырмыз. Еуропалық Одақ конституциялық реформа және сот реформасы бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда. Сонымен қатар, келер жылға ірі шаралар жоспарланып отыр. Құқықтық және сот шешімдерін қабылдаудың ашықтығы мен есептілігіне көңіл аударылатын болады», - дейді ҚР-дағы Еуропалық Одақ өкілдігінің техникалық қолдау бөлімінің басшысы Жан-Луи Лаврофф.

Оның айтуынша, Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінің реформасын қолдау бойынша негізгі халықаралық донор болып табылады.

«Біз қажетті жерде қолдау көрсетіп, бірнеше әдістерді қолданамыз. Қазақстанда біз құқықтық рақымшылық көрсету секілді бағдарламаларды қаржыландырып, басқарушыларға, кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, өзге де өзге де бағыттар бойынша қызмет етудеміз», - дейді Жан-Луи Лаврофф.

Индира Қауметова





Яндекс.Метрика