ҚР ИИДМБ

Ақтау кемежайының қуаттылығы 2015 жылы ҮИИД МБ аясында жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізіледі

Ақтау теңіз кемежайының өткізу қуаттылығы 2015 жылы ҚР Көлік жүйесін дамыту және интеграциялау бағдарламасы аясында жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізіледі.
Маңғыстау28 Қазан , 12:22

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  1 қазандағы Маңғыстау облысына іс-сапары аясында облыстың орналасу аумағын тиімді пайдалануға бағытталған инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына назар аудара отырып, өңірдің оң сипатта дамып келе жатқандығына тоқталған болатын.  « Ең  бастысы - Ақтау теңіз порты. Біз бұл бағытты жан-жақты дамытатын боламыз», - деп атап өтті Елбасы.

Белгілі болғандай,  Ақтау теңіз порты  - ол Қазақстанның экспорттық-импорттық және транзиттік жүктерін тасымалдайтын  мультимодельді жүйесін «біріктіретін орталық» ретінде  есептелетін «батыс қақпасы». Қазақстан Каспий бассейніндегі басты жүк жинайтын мемлекет болып табылады және осы ретте Ақтау портының үлесі жалпы Каспийдің жүк тасымалында 30% құрады.

Бүгінгі таңда, кемежайдың өткізу қуаттылығын арттыру мақсатында оны  солтүстік бағытта  кеңейту және 3 жүк терминалының құрылысы жүргізілуде. Атап айтар болсақ, 2012 жылы қорғаныстық гидротехникалық нысан пайдалануға берілді. Ал, 2013 жылы жаңа айлақты тереңдету жұмыстары жүргізілді. Сингапурлық компаниямен бірлескен кәсіпорын құрылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың желтоқсан айында бидай тасымалдайтын қуаттылығы 1,5 млн тонна терминалды пайдалануға беру жоспарланған. Қалған 2 терминалды пайдалануға беру 2015 жылға қалдырылған.

ҮИИД МБ табысы жүзеге асыру  Ақтау кемежайының қуаттылығын 2015 жылы жылына 20,5 млн тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.




Яндекс.Метрика