Евразиялық одақ

В.Мясник: Еуразиялық континентте бәсекелестікке қабілетті бірыңғай энергетикалық нарық құрылады

Еуразиялық континентте бәсекелестікке қабілетті бірыңғай энергетикалық нарық құрылады, деп ЕЭК энергетика департаментінің директоры Виктор Мясник Мәскеуде өткен «Газдың ішкі нарығының дамуы: тарату мен шешу» дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.
Әлемде28 Қазан , 12:07

ЕЭК ресми порталы хабарлағандай, өз сөзінде В.Мясник әлемдік энергетикадағы жағдай мен Еуразиялық экономикалық одақтың мүше елдер арасында жанар-жағар май саласында бәсекелестік тудыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, энергетикалық қауіпсіздік деңгейін көтеру мәселелері туралы айтты.

Баяндау барысында ол дөңгелек үстелге қатысушыларды ЕАЭО аясында газ нарығының қалыптасуы туралы ақпараттандырды. Оның ішінде ол ЕАЭО келісім шарты аясында жүзеге асырылатын энергия ресурстарының ортақ нарығы мәселесіне тоқталды.

«Барлық шаралар аяқталған соң Еуразиялық континентте бәсекелестікке қабілетті бірыңғай энергетикалық нарық құрылады. Ол ғылыми, технологиялық және өндірістік әлеуетке ие болады.Аталмыш нарық ЕАЭО елдерінің ұлттық экономикасының нығаюына әсер етеді», - деді В.Мясник. 




Яндекс.Метрика