ҚР ИИДМБ

ҮИИД МБ аясында 2020 жылға қарай Қазақстандағы жүк айналымы 1,6 есеге артады

ҮИИД МБ аясында 2020 жылға қарай Қазақстандағы жүк айналымы 1,6 есеге, жолаушылар тасымалы 1,5 есеге, транзитті жүк тасымалы 2 есеге артады, деп хабарлайды ҚР ИДМ.
Казахстан28 Қазан , 11:51

«Темір жол тасымалы – ел экономикасының күре тамыры, экономика тасымалсыз дамымайды, сол себепті біз инфрақұрылымға ерекше көңіл аударудамыз», - деген болатын ҚР Президенті Н.Назарбаев халыққа «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда заманауи көлік инфрақұрылымын құру және оны халықаралық көлік жүйесіне интеграциясын қамтамасыз ету мен транзиттік әлеуетті арттыру мақсатында 2020 жылға дейінгі Қазақстанның көлік жүйесін дамыту мен интеграциялаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалды.

«Құрылымды жақсарту мен вагондардың жүк паркін жаңарту жұмыстары жоғары деңгейдегі жүк көтеру, сыйымдылық және беріктікке ие заманауи 18 533 жүк вагонын сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде жүк тасымалының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деп хабарлайды министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша, жолаушылар тасымалы кезіндегі қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында былтыр вагондар мен поездарда жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары қабылданды.




Яндекс.Метрика