Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматыда КО темір жол көлігі саласындағы техникалық реттеу мәселелері талқылануда

Бүгін Алматыда Кеден Одағы аясындағы темір жол көлігі саласындағы жаңа стандарттау мен техникалық реттеуге көшудің өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.
Алматы қаласы28 Қазан , 11:21

Шараға Қазақстан, Ресей, Белорусь және басқа да темір жол әкімшіліктерінің, темір жол көлігі машинасын жасаушылар, жеке кәсіпорындар, ғылыми және зерттеу орталықтарының  басшылары мен өкілдері қатысуда, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

«Кеден Одағына қатысушы мемлекеттердің темір жол саласы темір жол өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа жүйесіне көшуде. Кеден Одағындағы техникалық реттеудің ерекшелігін ескере келіп, темір жол көлігі өнімдерін жасаушылар мен тұтынушылардың басын қоса отырып, жаңа талаптарға кезең-кезеңімен көшуге ынталымыз»,- деп атап өтті алғы сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Вице-президенті Бауыржан Орынбасаров.

Конференция екі күнге созылады. 




Яндекс.Метрика