Өңірлер

Павлодар облысында ШОБ-тің 32 мыңнан астам субъектісі жұмыс істейді

Павлодар облысында 2014 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша нарықта белсенді жұмыс істеп жатқан ШОБ субъектілері 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 0,5%-ға артып, 32,9 мыңды құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаменті.
Павлодар28 Қазан , 10:48

Департаменттің хабарлауынша, солардың ішінде 3,6 мыңы заңды тұлға, 26,3 мыңы жеке кәсіпкер болса, 3 мыңы шаруа қожалығы. 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 4,2%-ға артып, 128,6 мың адамды құрады.

Облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы жұмысшылар саны 2014 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша 206,3 мың адамға жеткен. 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы айлық орташа номиналды жалақысы 98 338 теңгені құрап, 2013 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 8,7%-ға артты. Нақты жалақы көрсеткіші болса 1,9% ұлғайған. 

 

 




Яндекс.Метрика