Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы

Оралда «Тіл тарланы» мемлекеттік тіл конкурсы болып өтті

Оралда мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеретін бірқатар ұлттардың қатысуымен конкурс болып өтті. Дәстүрлі шара Қазақстанның тілдер Күніне орайластырып ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан23 Қыркүйек , 19:02

Мемлекеттік тілді білу дәрежесін тексеру конкурсы облыстың барлық колледждерінде болып өтті. Аталмыш турды жеңіп шыққан қатысушылар облыстық дәрежеде бақ сынасатын болады. Шараны ұйымдастырған білім беру басқармасы, осыған дейін өз тіл білімін қосарлай оқып жүрген 26 қатысушы біліктіліктерін танытты.

Шарада берілген тапсырмаларға қатысушылар өте үлкен жауапкершілікпен қарап шығармашылықтарын шыңдай түсті. Оған қоса, талапкерлер «Тіл білім бұлағы» диктантын сәтті жазып шықты.

 «Қазақстандағы басқа ұлттардың қазақ тілін меңгеруі патриотизмді арттыра түспек. Мемлекеттік тіл біздің ұлтымызды біріктіреді. Бұл, өз кезегінде ынтымақтастықты арттырып, өз мамандығында қазақ тілін қолдануға септігін тигізеді», - деп облыстық білім басқармасының меңгерішісі Аягөз Хамзина мәлімдеді. 




Яндекс.Метрика